Коронавирус

«Қазақмыс» қамқорлық танытты

Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы мен «Қазақмыс» корпорациясы арасында жасалған коронавирус пандемиясымен күрес жөніндегі бірлескен іс-шаралар туралы меморандум аясында Қарағандыға оттегі концентраторлары жеткізілді. Бұл аппараттар Қарағанды облысының 35 емдеу мекемесіне таратылады.


Алғашқы концентраторлар Балқаш, Жезқазған және Сәтбаев қалаларының медициналық мекемелеріне жеткізілген еді. «Қазақмыс» корпорациясы өкпеге ауа жетіспеушілігін және онымен байланысты ауруларды емдеуге арналған 1200 аппаратты облыстың ауруханаларына сыйға тартты.

Оттегі концентраторлары – бұл азаматтардың денсаулығы мен өмірін қорғауға қызмет ететін медициналық жабдықтардың бір бөлігі ғана. Бұдан бұрын Корпорация аталған қалалар үшін 10 өкпені жасанды желдету құрылғысын, 3 виброакустикалық аппаратты сатып алған еді. Бүгінде 3 компьютерлік томография жасайтын аппараттың жеткізілуі күтілуде.

Жәлел ШАЛҚАР.

Басқа материалдар

Back to top button