Жаңалықтар

Маңызды қызметтер – онлайн жүйеде

Әлеуметтік маңызы бар қызметтерді онлайн түрде тұтынуға болады. Көрсетілетін 24 қызмет түрінің басым бөлігі электрондық үкімет порталында қолжетімді болды. 

– Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдаудың маңыздылығын назарға ала отырып, қазіргі жағдайды ескере отырып, азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетуге бағытталған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен көрсетілетін 24 қызметті онлайн форматқа қайтару туралы шешім қабылданды. Енді осы көрсетілетін қызметтердің барлығын үйден шықпай-ақ алуға болады, – дейді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы Әсет Тұрысов.

Көрсетілетін қызметтерді алу үшін бірінші кезекте порталда тіркеліп, содан кейін порталдың басты бетінде «Электрондық өтініштер» сервисін таңдап, қызметке тапсырыс беру қажет. Одан әрі ашылған терезеде «Құру» батырмасын басу керек. Одан кейін «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы» бағанында қажетті көрсетілетін қызметті таңдап, қажетті жолдарды толтыру керек. «Алушы» бағанында ұсынылған тізімнен мемлекеттік органды таңдау қажет. Содан кейін Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген құжаттарды қоса тіркеп, өтінімге ЭЦҚ қол қоюыңыз тиіс.

«Электрондық өтініштер» сервисінің көмегімен бала жасынан бірінші топтағы мүгедекке күтім жасау бойынша жәрдемақы тағайындау, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және тағы басқа шараларға өтінім беруге болады.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ.

Басқа материалдар

Back to top button