АймақПриозерск

«Жасыл елдің» жарқын істері

Елімізде «Жасыл ел» бағдарламасы қанатын кеңге жайды. Бүгінде, Приозерск қаласының жастары осы бағдарламаның іске асуына барынша атсалысуда.

Шағын шаһардың Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары жазғы маусым кезінде студенттерді жұмыспен қамтуға үлес қосып келеді. Студенттер мен жұмыссыз жастар абаттандыру мен көгалдандыруға, саябақтар мен көлді тазалау жұмыстарына қатысуда. Ұйымдастырушылар жалынды жастардың көмегімен бұл ірі бағдарлама осы күнге дейін жақсы нәтиже көрсетіп отырғандығын айтады.

– «Жасыл ел» бағдарламасы жақсы бастама ретінде жарқын істерді жүзеге асыруда. Қаншама студенттерiмiз бос уақытын тиiмдi пайдаланып, туған қаласына қызмет жасауда. Бiр жағынан қаланы гүлдендiруге, көгалдандыруға ат салысса, екiншiден, әрбiр жас өзiнiң бос уақытын игі іске жаратып отыр. Экологиялық ахуалды жақсарту үшін, қоршаған ортаны қорғау мақсатын көздеген бағдарлама өз жалғасын тауып, бүгінде 60 адам еңбек етуде. Бірқатар шаралар, пайдалы акциялар өткізілді. Жақында ғана «Қоқыс менікі емес, бірақ қала біздікі» атты «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары жартытүбек аумағын қоқыстан тазартты. Осындай игі шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады, – дейді қалалық жастар ресурстық орталығының директоры Ұлан Алмас.

Нұрдос КӘРІМ.

ПРИОЗЕРСК қаласы.

Басқа материалдар

Back to top button