Жаңалықтар

Еріктілер ерледі

Індет басталғалы «Saryarqa Jastary» облыстық еріктілер штабы халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтап, басы-қасында жүр. Кәсіпкер, қалталы ел азаматтарынан қаржы жинап, аз қамтылған отбасыларға титтей де болсын көмек беруге барын салуда.

Әу баста «қолға алған бастамамызды аяқсыз қалдырмаймыз», – деп еді олар. Сөзден тайған жоқ. Бүгінде тағы бір мәрте Қарағанды қаласының белсенді жастарымен бірлесіп, қайырымдылық акциясын өткізді. Акция барысында 46 отбасыға 3 тонна азық-түлік өнімдерін үлестірген.

Елде орын алған жағдайға байланысты шараға 25 ерікті қатысыпты. Олар қайырымды жандардың қолдауымен 502 000 теңге жинап, мұқтаж жандарға қолұшын созған. Сонымен қатар, еріктілер қалалық орталық саябағына шығып, халыққа тегін 250 бетперде таратты. «Алдағы уақытта қайырымдылық акцияларын үзбей жалғастырып тұрамыз», – дейді еріктілер.

Ербол ЕРБОЛАТ.

Басқа материалдар

Back to top button