Бас тақырып

140 литрден артық су тұтынғандарға тариф қымбаттайды

13 қыркүйектен бастап әр қазақстандыққа тәулігіне 140 литр су нормасы белгіленеді. Осы шектен асқан жағдайда су үшін тариф 30%-ға қымбат есептелмек.

Сурет tolqyn.kz

Министрлік мұны суды үнемдеу және бюджет шығынын азайтуға бағытталған шара деп түсіндіреді. Экономистердің айтуынша, бір адамға күнделікті 100–120 литр су жеткілікті.

Жаңа талап алдымен қалаларда тиімді іске асады, өйткені ауылдық жерлерде су есептегіш құрылғылар толық орнатылмаған. Ереже тек тұрмыстық тұтынушыларға қатысты. Ал, ауыл шаруашылығы мен өндірістік кәсіпорындарға бөлек нормалар қолданылады.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Back to top button