АймақБас тақырып

14 ақпанда қарағандылықтар тегін медициналық тексерістен өте алады

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы аймақ тұрғындарын денсаулыққа жауапкершілікпен қарауға шақырады. Осы орайда 14 ақпанда облыс орталығында онкологиялық ауруларды ерте анықтауға арналған Ашық есік күні өтеді.

Сурет Freepik

Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы мамандарының мәліметінше, өңір тұрғындары мамандардан тегін кеңес алып, профилактикалық тексеруден өте алады.

Ашық есік күні №3 көпсалалы аурухана базасында сағат 09:00-ден – 13:00-ге дейін өтеді. Қабылдауды маммолог, пульмонолог, ЛОР, сондай-ақ іш қуысы хирургиясы және асқазан-ішек жолы мен кеуде қуысы аурулары бойынша дәрігерлер жүргізеді.

Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button