Медицина

Қарағандыда күрделі ота жасалды

Қарағандыдағы көпбейінді облыстық балалар ауруханасында бет қаңқасы мен мұрын сүйектері зақымданған балаға күрделі ота жасалды. Ота жасаған дәрігерлердің қатарында лор, нейрохирург, Мақажанов атындағы КБА-ның жақ-бет хирургы сынды біліктілігі жоғары мамандар болды. Жол апатының салдарынан ауруханаға ауыр жағдайда түскен баланы әуелі реаниматолог дәрігерлері терапия бөлімшесіне қабылдаған.

Сурет облыс әкімдігінің сайтынан

Баланы ауруханаға жеткізгеннен кейін дәрігерлер «Титан пластинкаларын қолдана отырып күрделі ота жасау қажет» деген шешім қабылдайды. Бұған дейін дәл осындай оталарды елордалық клиникалар мен республикалық орталықтар жасайтын еді. Биыл қарағандылық дәрігерлердің біліктілігінің арқасында ота сәтті өтті.

Қазіргі уақытта баланың жағдайы жаман емес. Үйге шығарған. Ота балаға әлеуметтік медициналық сақтандыру қаражатының есебінен тегін жасалған.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button