Қуатты әскер – ел қорғаны
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында сарбаздардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне армия басшылығы жауапты екенін нақтыланды.
Жолдау барысында “Жастар әскерге Отан алдындағы борышын өтеуге барады. Жас сарбаздарымыз өз міндетін алаңсыз орындауы үшін әскер қатарында, ең алдымен темірдей тәртіп болуы тиіс. Қарулы күштер мен басқа да күштік құрылымдар осы талапты мүлтіксіз орындауы қажет” – деп Мемлекет басшысы алаңдаушылық білдірді.
Әскер қатарында қызмет етіп, Отан алдындағы парызды өтеуге әрбір азамат міндетті. Себебі, туған жерді, елді, атамекенді қорғау – қасиетті борыш. Әрбір ер азамат әскерге баруды абыройлы міндет ретінде сезіне отырып, ел алдында берген антты орындайтын үлкен асу баспалдағы тұрғанын естен шығармауы тиіс.
Әр ата-ана әскерге кеткен баласын мемлекетке сеніп тапсырады. Сондықтан сарбаздардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне, ең алдымен, армия басшылығы және құқық қорғау мекемелерінің басшылары жауапты. Ер азаматтың міндеті – Отан алдындағы борышын өтеу. Себебі, мемлекет тыныштығын күзету кезек күттірмейтін іс. Ал, қуатты әскер – ел қорғаны.
Жұмаш ҚАБДУЛЛАЕВ,
6505 әскери бөлімінің 6 атқыштар рота командирінің
тәрбие және әлеуметтік құқықтар жөніндегі орынбасары, аға лейтенант