АймақБұқар жырау

Жаңаталапта – жаңа Мәдениет үйі

Кеше   Бұқар жырау ауданының Жаңаталап аулында жаңадан салынып, пайдалануға берілген Мәдениет үйінің ашылу  салтанаты өтті.

Суреттер ұйымдастырушылардан

   Ауыл өміріндегі бұл елеулі оқиғаға халық көп жиналып,әдеттегідей шашу шашылып, бір қабатты үр жаңа нысанның лентасын Бұқар жырау ауданы әкімінің орынбасары Арман Дардақов пен осындағы «Нұр-Әділ» шаруа қожалығының басшысы Еркін Ахметов және  Алматыдан арнайы келген белгілі әнші Гүлбаршын Тергеубекова қиды.

   Мұнда алдағы уақытта қаншама үйірмелер жұмыс істеп,кино,концерт қойылып, жергілікті тұрғындар шығармашылығын дамытып, шыңдайтын болады.

Салтанат үстінде жерлесіміз, республикаға танымал дәстүрлі әнші Гүлбаршын Тергеубекова бірнеше ән шырқап, аудандық және жергілікті көркемөнерпаздар ұйымдарының мүшелері жиналған жұртшылықты ән мен күйге бөледі.

Ержан ИМАШ,

ortalyq.kz

Бұқар жырау ауданы

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button