Balkhash Tour Fest фестивалі өтетін күндері Балқаш автостанциясынан Ақшағылға (Рембаза кенті) және Ақшағылдан (Рембаза кенті) автостанцияға дейін тегін автобустар жүреді. Автобустар таңертеңгі сағат 09:00-ден 00:15-ке дейін 15 минут сайын қатынайды.

Естеріңізге сала кетейік, жыл сайынғы Balkhash Tour Fest 2024 фестивалі 26 және 27 шілдеде Балқаш көлінің жағажайында, Ақшағыл ауданында (Рембаза) өтеді. Ұйымдастырушылар таңғы 10-нан түн ортасына дейін созылатын мәдени, спорттық және ойын-сауық шараларын дайындады.
Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.