Діндегі қауіп – сауатсыздықтан

Жақында Приозерск қаласында Нұр-Мүбәрак Египет Ислам мәдениет университетінің теолог маманы, облыстық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі Мадияр Мейіржанұлымен «Терроризм мен экстремизмнің іргетасы» және «Дәстүрлі дін дегеніміз не?» тақырыбында кездесу өтті.

Мұндағы мақсат – діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу және қоғамдағы толерантты діни сана мен радикалды идеологияға қарсы иммунитетті жастар арасында қалыптастыру. Кездесуге қаланың бөбекжайларының тәрбиеленушілері, кәсіпкерлер, әскери қызметкерлер және мектеп оқытушылары қатысты. Жиын барысында дін өкілі дәстүрлі және дәстүрлі емес діни ағымдар, оларды ажырату жолдары туралы мағлұмат берді. Ол Ислам дініндегі дәстүрлі емес ағымдар тарихына шолу жасай келе, елімізде бой көрсетіп жүрген экстремистік және лаңкестік әрекеттердің зардаптары мен кері әсерін түсіндіріп өтті. Теріс жолға түскен адамдардың айрықша келбеті, қоғамдағы теріс ағымдардың қоғамға тигізер қаупі туралы сөз етті.

Сондай-ақ, сөз соңында теолог Мадияр Мейіржанұлы діни экстремизмнің алдын алу және жолын кесу мақсатында қала аумағындағы мүдделі мекемелермен және ұйымдармен бірлесіп жұмыс істеуге шақырды. 

Нұрдос КӘРІМ.

ПРИОЗЕРСК қаласы.