БілімРуханият

Сандық университетте – сапалы білім

Бүгінгі таңда жоғары техникалық мектеп қарқынды дамып келе жатқан цифрлық өндіріс үшін бәсекеге қабілетті мамандарды дайындап қана қоймай, сонымен қатар, заманауи өндіріс талап ететін ғылыми-техникалық мәселелерді тиімді шешіп, инновациялық техника мен технологияны құра білуі керек. Осының бәрі білім, ғылым және өндірістің интеграциясын күшейту негізінде инженерлік кадрларды даярлау сапасын елеулі түрде арттыруды талап етеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауы осыған бағытталған. Онда Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы НАЗАРБАЕВ көздеген стратегиялық бағытты дамытуда Қазақстанның жаңа экономикасының негізгі қағидаттарының бірі «адами капиталды дамыту», «жаңа үлгідегі білім беруге инвестициялар» болып айқындалған. Бұл ретте «кәсіптік білім берудің бүкіл жүйесін еңбек нарығында талап етілетін құзыреттерді қалыптастыруға қайта бағдарлау» қажет.

 

Білім берудің әлемдік деңгейіне қол жеткізу, мамандар даярлау және ғылыми зерттеулер жүргізу мақсатында Қазақстан Президенті 2020 жылғы 27 мамырда онлайн режимде өткен ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында білім беруге арналған шығыстарды алты есеге ұлғайту және ғылымға арналған шығыстарды жеті есеге ұлғайту сияқты мемлекеттік қолдаудың теңдессіз шараларын ұсынды. Сонымен қатар, карантиннің күрделі жағдайлары мектептерді, колледждерді, ЖОО-лар мен ғылыми мекемелерді онлайн режимге көшіруді талап етті.

Қарағанды техникалық университеті 2020 жылдың 16 наурызынан бастап қашықтан оқытуға көшті. Оқу процесінің маңызды құрамдас бөлігі болашақ мамандардың практикалық дағдылары мен инженерлік құзыреттерін қалыптастыру болып табылатын техникалық университет үшін қашықтан оқыту режиміне көшу – өте күрделі процесс екенін ескере отырып, ол қысқа мерзімде және маңызды ұйымдастырушылық, техникалық мәселелерсіз өтті. Бұл ЖОО-да тиісті инфрақұрылым мен цифрлық білім беру контентінің оқу процесіне құрылып, енгізілуіне ықпал етті. 2017 жылдың қаңтар айында жоғары оқу орнында цифрлық университетті дамыту департаменті құрылып, табысты жұмыс істей бастады. 2017 жылдың мамыр айында ЖОО-ның ғылыми кеңесінде тиісті инфрақұрылымды дамыту, білім беру, ғылыми-зерттеу және жобалық қызметті интеграциялау негізінде IT-технологиялар саласында ғана емес, тұтастай алғанда цифрлық экономика және өнеркәсіп үшін мамандар даярлауға бағытталған цифрлық университетті дамытудың тұжырымдамасы мен бағдарламасы бекітілді.

2018 жылдан бастап университеттің Ғылыми-білім беру инфрақұрылымы барлық процестерді цифрландыруды қамтамасыз етеді және upgrade Center, CISCO желілік академиясын, EPAM Systems RD-зертханасын, IT-құзыреттер орталығын, Business Skills Park, сондай-ақ «Индустрия 4.0», «Цифрлық машина жасау», «Металлургиядағы нанотехнология» және «Биоинженерия» ғылыми-білім беру кешендерін, инженерлік құзыреттер орталықтарын қамтиды. Бұл инновациялық құрылымдық бөлімшелер әлемдік деңгейдегі өнеркәсіптік жабдықты, кәсіби бағдарламалық кешендерді және сарапшылардың кеңестерін ұсынған жетекші трансұлттық корпорациялардың (TOTAL, Schneider Electric, Mitsubishi Electric, FESTO, Leica Geosystems, Epam Systems және FLUOR) қатысуымен құрылды.

Оқу процесіне Univer автоматтандырылған ақпараттық жүйесі енгізілді. Directum платформасы базасында электрондық құжат айналымы жүйесі жұмыс істейді. Студенттерге қызмет көрсету орталығы мемлекеттік қызметтерді цифрлық форматта көрсетеді, кампус білім алушылар мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін электрондық өткізу жүйесімен және бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етілген.

2018 жылы цифрлық Инфокоммуникациялық технологиялар саласындағы әлемдік бренд – Cisco Желілік Академиясының және ERPcompany, Gexabyte, Wooppay, X-net, WTO және ABI IT-компанияларымен серіктестікте құрылған IT-құзыреттер орталығының ашылуы цифрлық университетті дамытудың негізгі векторлары болды. Әлемдік деңгейдегі бағдарламашыларды даярлау аясында университет базасында RD-зертхана (Research and Development) жұмыс істейді.

Ғылыми-білім беру кешендері, құзыреттілік орталықтары және Business Skills Park университеттің оқу процесі мен ғылыми зерттеулеріне заманауи цифрлық технологияларды енгізудің, стартаптарды құрудың катализаторы болды. Болашақ мамандар халықаралық стандарттар негізінде өнеркәсіптік цифрландырудың өзекті бағыттарын игереді, инновациялық жобаларды іске асырады. 2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап өндіріс қажеттіліктерін ескере отырып, университет өндірістік процестерді цифрландырумен тікелей байланысты 7 жаңа білім беру бағдарламасын жүзеге асыра бастады.

Университетте «Синергия» халықаралық ғылыми-білім беру жобасы шеңберінде магистратурада қашықтан оқытуды ұйымдастырудың көп жылдық тәжірибесі жинақталған. Жоба Автоматтандыру және мехатроника жүйелерін жетекші әлемдік өндірушілердің бірі – «Индустрия 4.0» әлемдік көшбасшыларының бірі болып табылатын FESTO (Австрия, Германия) трансұлттық компаниясының және 53 елді біріктіретін DAAAM (Австрия) өнеркәсібіндегі автоматтандыру жөніндегі халықаралық ұйымның қамқорлығымен орындалуда. Қашықтан оқыту режиміне көшкенге дейін Қарағанды «Политехінде» көптеген базалық және бейінді пәндер бойынша виртуалды зертханалық-практикалық кешендер түрінде негіз құрылды. Цифрлық контенттің сапасын арттыру үшін маусым айында ректораттың бастамасымен цифрлық контентті құру, қолдану технологиялары және түрлі цифрлық платформаларды пайдалану бойынша оқытушылардың біліктілігін арттыру курстары өткізілді.

Қарағанды техникалық университетінің халықаралық және Ұлттық рейтингтердегі жетістіктері маман даярлаудағы жоғары сапаның көрсеткішімен айқындалады. Университеттердің әлемдік рейтингісінде – QS World University Rankings карта осы рейтингке кіретін өңірдегі жалғыз жоғары оқу орны Қазақстанның үздік 10 жоғары оқу орындарының қатарына кіреді. 2020 жылы Қазақстанның үздік жоғары оқу орындарының бас рейтингісінің мәліметі бойынша техникалық және агротехникалық жоғары оқу орындары арасында университет II орынға ие болды.

ЖОО-ның білім беру бағдарламаларының жоғары сапасы мен талап етілуінің айқын бағыты түлектерді жұмысқа орналастыру болып табылады.

Елімізді ғылыми-технологиялық дамыту бағдарламасының басым міндеттері ретінде Қазақстан Президенті өзінің жаңа Жолдауында Бәсекеге қабілетті экономиканы дамытуды, ұлттық деңгейдегі қолданбалы проблемаларды шешу және өңірлерді теңгерімді дамыту үшін ғылымды тартуды, атап айтқанда, Қарағанды облысында жоғары технологиялық, ғылымды қажетсінетін өндірістер мен техникалық қызмет көрсету орталықтарының бірін қалыптастыруды айқындады. Университет жыл сайын кәсіпорындарда 2,5 мыңнан астам сұранысқа ие мамандарды даярлау мен жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етіп қана қоймай, өңірдің дамуына қомақты үлес қосуда. ЖОО базасында жұмыс істейтін «корпоративтік университет» консорциумының өнеркәсіптік кәсіпорындарымен бірлесіп, импортты алмастыратын ғылымды қажетсінетін цифрлық технологиялар әзірленуде және өндіріске енгізілуде. Өндіріспен тиімді ынтымақтастық нәтижесінде университет ғалымдары орындайтын ҒЗТКЖ қаржыландыру көлемі жыл сайын 850-900 млн.теңгені құрайды.

Тек соңғы 3 жылда ғана жоғары вольтты қосалқы станциялар мен экскаваторлардың жұмыс режимдерін қашықтан мониторингілеудің цифрлық жүйелері («Шұбаркөл-Көмір» АҚ кәсіпорындарында), таукен өндірісі процестерінің технологиялық параметрлерін есептеуге арналған зияткерлік Ақпараттық жүйелер және карьерлердің борт маңындағы массивтерінің геомеханикалық мониторингінің цифрлық технологиялары («Қазақмыс корпорациясы» ЖШС, «ССГПО» АҚ, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ кәсіпорындарында) құрылып, өндіріске енгізілді. Цифрлық технологияларды енгізу зияткерлік өнеркәсіптік платформалар негізінде еңбек өнімділігінің айтарлықтай өсуін қамтамасыз етеді. Біздің ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігі көп жағдайда осы стратегиялық міндетті шешуге байланысты болады.

Университет ғылымның зияткерлік әлеуетін дамыту, ғылыми әзірлемелерге сұранысты арттыру және ғылыми зерттеулерді әлемдік ғылыми кеңістікке интеграциялау бағдарламасын іске асырады. Магистратура мен PhD докторантураның 37 өзекті білім беру бағдарламасы бойынша 1500-ден астам болашақ зерттеуші мамандар білім алуда. Жас ғалымдардың үлесі 35 жасқа дейін, жастар стартаптарының саны жыл сайын өсуде. ЖОО-ның жас ғалымдары шаруашылық келісім-шарт және гранттық ҒЗЖ орындауға белсенді қатысады, олардың көпшілігі жобалардың ғылыми жетекшілері болып табылады.

«Галлуазитті нанотүтікшелерді пайдалану арқылы қара және түсті металдардың коррозияға төзімділігін арттыру» жобасын жүзеге асыру бойынша университеттің ғылыми тобы ҚР БҒМ Ғылым қоры ғалымдарының топ-30 үздік тобының рейтингінде I орынға ие болды. ҚР Ұлттық Инженерлік академиясының «2019 жылдың үздік инженері» конкурсының жеңімпазы жас профессор В. Куликов болды. 2020-2022 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобалардың ҚР БҒМ гранттық қаржыландыру республикалық конкурсының қорытындысы бойынша Қарағанды техникалық университетінің жас ғалымдарының 200 млн. теңгеден асатын 4 жобасы мақұлданды.

PhD докторантура түлектері ЖОО -ның кадрлық резервінің негізін құрайды – 10 жас PhD докторы қазірдің өзінде департаменттер мен кафедраларды табысты басқаруда.

Қарағанды техникалық университетінің оқытушылары, қызметкерлері, студенттері, магистранттары мен докторанттарының мыңдаған ұжымы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың елдің одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі жаңа бастамаларын толық қолдайды және мамандар даярлау мен ғылыми зерттеулер сапасын арттыру бойынша алдына қойылған міндеттерді тиімді шешу үшін бар күшін салады.

Марат ИБАТОВ,

Қарағанды техникалық университетінің ректоры,

техника ғылымдарының докторы, профессор.

Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты.

Басқа материалдар

Back to top button