Жаңалықтар

Алғашқы жәрмеңке өтеді

Қарағанды облысында жергілікті фермерлер мен кәсіпорындардың қатысуымен дәстүрлі «Ауыл – Береке» ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкелері жалғасуда. Қарағандыда жәрмеңке 17-18 қазан күндері «Global City» КТО аумағында өтеді.

Жәрмеңкеде нарықтық бағадан төмен құнмен өнімдердің үлкен ассортименті ұсынылады.

Облыс тауар өндірушілері екі күнде 955 тонна өнімді саудаға шығаруды жоспарлап отыр. 140 тоннаға жуық ет өнімдері, 36 тонна сүт өнімдері, 300 мың дана жұмыртқа, 540 тонна картоп, 220 тонна көкөніс жеткізіледі.

Бұдан кейінгі жәрмеңкелер 24 қазан мен 7 қарашаға жоспарланған.

Облыстың барлық қалалары мен аудандарында ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкелері 31 қазанға дейін өткізіледі.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Back to top button