Жексенбі күні елімізде Халықаралық мүгедектер күні атап өтілді. Қарағандыда тұратын аталған топ өкілдері мерекеден тыс уақытта да назардан тыс қалған емес.
Бүгінгі таңда Қарағанды қаласында ерекше қажеттіліктері бар 23847 адам тұрады. Оларға әлеуметтік және оңалту қызметтері тегін көрсетіледі. Қарағанды қаласында жыл басынан осындай қолдау шараларымен 7451 адам қамтылды. Топ өкілдеріне, оның ішінде, балаларға протездік және ортопедиялық бұйымдар, креслоарбалар, сурдотехникалық және тифлотехникалық құралдар беріледі. Сондай-ақ, санаторийге жолдама беріліп, «Инватакси» қызметі ұсынылып келеді. Оларды әлеуметтендіру үшін тиісті жағдайлар жасалған.
Мерекеге орай, үйде әлеуметтік көмек көрсететін аудандық бөлімшелері мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қайырымдылық акцияларын ұйымдастырды.
1-8 қазан аралығында «Қайырымды істер жасауға асығыңыздар», «Шексіз мүмкіндіктер», «Пейілі кең, жүрегі дарқан асыл жандар», «Мейірімді жүрек күні», «Доброе дело питает и разум и тело», «Вместе мы согреем мир», «Добро живет там, где его творят», «Доброта спасет мир» қайырымдылық акциялары өткізілді. Акциялар аясында 350-ден астам мүмкіндігі шектеулі тұлға қамтылды.
Қарағанды қаласының әкімдігі.