Коронавирус

КАРАНТИН: талапты ескермегендерге жаза бар

Қарағанды облысының Бас санитарлық дәрігерінің Қаулысына сәйкес коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында Қарағанды қаласының ПБ қызметкерлері Қарағанды қаласының санитарлық эпидемиологиялық орталығы және басқа да мүдделі органдарының қызметкерлерімен өзара іс -қимыл жасай отырып карантиндік шараларды бақылау және сақтау, азаматтар мен түрлі ұйымдардың карантинді бұзуын анықтау және басқа да құқық бұзушылық фактілерінің жолын кесу бойынша рейдтік және алдын алу іс-шараларын өткізуде.

Карантин талаптарын сақтау бойынша полиция қызметкерлерінің өткізген алдын алу ескерту жұмыстарына қарамастан кейбір жекеменшік кәсіпкерлердің тарапынан карантин талаптарын өрескел бұзу фактілері анықталуда.

Атап айтсақ ағымдағы жылдың 3 тамызынан бастап 10 тамыз аралығында карантин талаптарын бұзудың 13 фактісі анықталды. Тексеріс барысында жеке меншік иелерінің ғимаратта адам қызуын тексеретін термометр, антисептик құралдарының болмауы сатушылардың медициналық маскалары мен қолғаптарды пайдаланбауы, келушілердің арасындағы қашықтықты сақтамау фактілері анықталды. Барлық фактілер бойынша Қарағанды облысының санитарлық эпидимиологиялық станциясының қызметкерлерімен ҚР ӘҚБК 425-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік материалдар дайындалды.

Ағымдағы жылдың 5 тамызы күні қаладағы кафелердің бірінде еске алу шарасы өткізілуіне байланысты дәмхана иесіне 600 мың теңгеден астам айыппұл салынды. 08 тамызда сағат 02:46-да сағат 22:00-ден кейін жұмыс істеген түнгі бар және сол күні сағат 23:00-ден кейін тағы бір көңіл көтеру орнының жұмысы анықталды. Қарағанды қаласының аумағында орналасқан СПА салондардың бірі 10 тамыз күні сағат 00:00-ден кейін, 11 тамызда сағат 04:45-те азаматтарды карантин шектеулерін елеместен қабылдаған.

Аталған фактілердің барлығы Қарағанды қаласы ішкі істер органдарының кезекші бөліміне тіркеліп, материалдар іс жүргізу шешімін қабылдау үшін Қарағанды облысы бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жіберілді.

2020 жылдың шілдесінен бастап Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 437-бабына өзгерістер енгізілуге байланысты енді республика аумағындағы тыныштық уақыты жұмыс күндері сағат 22:00-ден 09:00-ге дейін, мереке және демалыс күндері тиісінше сағат 23:00- ден 10:00-ге дейін белгіленген болатын.

Айта кету керек, карантиндік режим басталғаннан бері Қарағанды қаласы аумағында ҚР ӘҚБтК 437-бабы бойынша 200-ден астам, ал ҚР ӘҚБтК 425-бабы бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзудың 80- нен астам фактілері анықталған.

Өз кезегінде Қарағанды қаласының ПБ қызметкерлері қала тұрғындарынан карантин талаптарына түсіністікпен қарауды және оның талаптарын қатаң сақтауды, қоғамдық орындарда және көшелерде бетпердемен жүруді, антисептик құралдарын пайдалануды, қауіпсіздік ережелерін және ара қашықтықты сақтауға шақырады. Тәртіп сақшылары карантин талаптарының бұзудың кез-келген фактісі қатаң жауапкершілікке әкеліп соқтыратынын ескертеді.

Басқа материалдар

Back to top button