ПоэзияРуханият

«СЕН НЕТКЕН БАҚЫТТЫ ЕДІҢ, КЕЛЕР ҰРПАҚ…» атты республикалық дәстүрлі Х Қасым Аманжолов оқуларының ЕРЕЖЕСІ

Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы (құрылтайшы), Н.Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы (ұйымдастырушы) дауылпаз ақын Қасым Аманжоловтың шығармашылығын насихаттап, «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру, жастардың шығармашылық әлеуетін арттыру мақсатында республикалық дәстүрлі Х Қасым Аманжолов оқуларына шақырады.

Байқау 2020 жылдың 21 қазан күні онлайн-форматта ZOOM платформасында екі тілде өтеді. Биыл елдегі жағдайға байланысты Қасым Аманжоловтың шығармаларын көркем шеберлікпен жатқа оқу аталымы бойынша өткізіледі. Байқауға 16 мен 25 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Әр үміткер кем дегенде жиырма бес өлең жаттауы тиіс. Қатысушы өзі жатқа білетін шығармалардың тізімі мен мәтінін kraeved_2014@mail.ru поштасына жолдауы керек. Қатысушы мәнерлеп оқуға ұсынылған өлеңдерді түгелдей жатқа білуі шарт.

Жаттаған өлеңдер ішінде міндетті түрде ақынның өзге тілге аударылған екі өлеңі болуы тиіс; (орыс, татар, азербайжан, қырғыз, түрік, неміс, өзбек, т.б. тілдерде).

Кем дегенде ақынның екі аудармасын жатқа білу керек (А.Пушкин, М.Лермонтов, Н.Некрасов, Д.Байрон, Т.Шевченко, В.Маяковский, т.б.). Орындау уақыты 5-6 минуттан аспауы тиіс.

ҮМІТКЕРЛЕР ӨНЕРІ: жаттаған өлеңдер саны мен сапасы; мәнерлеп оқу шеберлігі; сахна мәдениеті; орындаушылық шеберлік деңгейі (ісқимыл әрекеттері, өзін-өзі ұстауы, актерлық шеберлігі) бойынша бағаланады.

Өтініштер 2020 жылдың 10 қазанына дейін қабылданады. Байқау 2020 жылдың 21 қазан күні сағат 10.00-де басталады. Жеңімпаздарды жариялау рәсімі 2020 жылдың 21 қазан күні сағат 16.00-де ZOOM платформасында өтеді.

Қазылар алқасы құрамына белгілі ақын-жазушылар, ғалымдар, ұстаздар кіреді және олардың шешімі талқыланбайды;

Байқаудың жүлде қоры:

Бас жүлде (біреу) – 250 000 ( екі жүз елу мың) теңге

І орын (біреу) – 150 000 ( жүз елу мың) теңге

ІІ орын (біреу) – 100 000 (жүз мың) теңге

ІІІ орын (екеу) – 75 000 (жетпіс бес мың) теңгеден

Ынталандыру сыйлығы (2) – 30 000 (отыз мың) теңгеден

(*жүлде сомасынан жеке табыс салығы ұсталады)

Үміткерлер төмендегі кестеге сәйкес (қосымша №1) аты-жөні, жұмыс немесе оқу орны, тобы, сыныбы, жетекшінің аты-жөні байланыс телефондарын толтырып, жеке куәлігінің көшірмесімен бірге kraeved_2014@ mail.ru поштасына жіберу қажет.

Мекен-жайымыз: индекс 100000, Қарағанды қаласы, Ерубаев көшесі 44 үй,

Н.Гоголь атындағы ОӘҒК, Өлкетану әдебиеті бөлімі

Электронды почта: kraeved_2014@mail.ru

Қосымша сұрақтар үшін байланыс телефоны: +7 7212- 56-76-55, 56-74-64

87017763819, 87007763819, 87026377256, 87473326726 (қазақ тілінде)

8700 4852874, 87711956065 (орыс тілінде)

Басқа материалдар

Back to top button