Коронавирус

«Дәрігер онлайн» пилоттық жобасы іске қосылды

Ағымдағы жылдың 20 маусымынан бастап Денсаулық сақтау басқармасының бастамасымен облыста «Дәрігер онлайн» пилоттық жобасы жұмыс істеуде. Қазіргі уақытта бұндай жобалар елдің басқа аймақтарында жоқ.

 

Instagram платформасы арқылы тәжірибелі медицина қызметкерлері нақты уақыт режимінде халық арасында кеңестер өткізеді. Үйден шықпай-ақ, кез-келген адам өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойып, қабылдауға жазылу мәселелерін шеше алады. Бұл тәжірибені вирустық аурулардың алдын-алудың тиімді құралы ретінде атап өткен жөн.

Бүкіләлемдік өзін-өзі оқшаулау жағдайында интернеттегі пациенттермен байланыс жасау үшін жақсы мүмкіндік болды. Бүгінгі күні тікелей эфирді облыстың 46 емханасы жүргізеді.

Сонымен қатар, әзірленген желілік жоспарға сәйкес, осы аптада ақпараттандыруды жоспарлануда. 14 шілде күні сағат 15.00 де облыстағы барлық емханалар тікелей эфирге қосылады.

Басқа материалдар

Back to top button