Жаңалықтар

Кәсіпкерлік субьектілеріне қолдау бар

Еліміздің қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі шағын әрі орта кәсіпкерлік субъектілеріне қолдау көрсетудің тәртібін бекітті. Агенттік төтенше жағдай кезеңінде қаржылық жағдайы нашарлаған шағын және орта кәсіпкерлік (ШОК) субъектілерін қолдай отырып, ел экономикасын қалпына келтіру жөніндегі жоспарларды бекітеді.

ШОК субъектілеріне қолдау көрсету тәртібі екінші деңгейдегі банктерге, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға бағытталады. Сондай-ақ, бұрын көрсетілген ұйымдар болып табылған заңды тұлғаларға (бұдан әрі – кредиттік ұйымдар) да қызмет көрсетіледі. Кредиттік ұйым алдымен төтенше жағдайда карантиннің кәсіпкерлік қызметке әсерін зерделей отырып, ШОК субъектісінің қаржылық жағдайының қалпына келуін қадағалайды.

Көп жағдайда кредиттік ұйымдар шағын және орта кәсіпкерлік ұйымдарының қаржылық жағдайы нашарласа, қолдау көрсету үшін мемлекеттік бағдарламаларға сүйенеді. Мысалы, банктегі қарызды және шағын несиені жеңілдікпен қарастырылған талаптармен қайта қаржыландыру секілді шараларға қолдау көрсетеді.

Кредитті қолдау бойынша шағын және орта кәсіпкерлік иелерінен жолданатын өтініштер 2020 жылғы 16 маусым-15 қыркүйек аралығында қабылданады. Азаматтар тарапынан кәсіпкерлігін дамытуға кедергі келтірген, сондай-ақ қаржылық жағдайының нашарлағанын растайтын құжаттар ұсынылуы – міндетті.

Аяулым СОВЕТ.

Басқа материалдар

Back to top button