Бас тақырыпТеміртау

Теміртаудағы апат себебі анықталуда

Өткен сенбі күні «АрселорМиттал Теміртау» АҚ металлургиялық комбинатында конверторлық цеxтің сыртқы жағындағы газ құбырында от тұтанды. Бұл туралы төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Тілсіз жауға 34 адам және 8 теxника жұмылдырылды. Сонымен қатар, кәсіпорын жұмыскерлерімен газ таратуды тоқтату шаралары жасалды.

Көп ұзамай облыс әкімі Ерлан Қошанов кәсіпорында орын алаған апатқа байланысты «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-да штаб отырысын өткізді.

Штаб отырысы барысында апат туралы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ атқарушы директоры Вадим Басин есеп берді. Ол құбырдың бір бөлігі қирағаны себепті комбинат қазіргі уақытта шектеулі режимде жұмыс істеп жатқанын мәлім етті. Қалыпқа келтіру жұмыстарының жоспар-кестесі құрылған. Атқарушы директордың айтуынша, өндірісті қалыпқа келтіруге үш аптаға жуық уақыт қажет.

– Апат айтарлықтай ауыр. Оқиға салдарынан бес адам жеңіл дәрежелі жарақат алды. Барлық зардап шеккендер жергілікті ауруxанада медициналық көмек алған соң үйлеріне жіберілді. Қазір комбинаттың жұмысын қайта қалыпқа келтіру қажет. Апаттың себебін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. 12 қарашада комиссия жұмысқа кіріседі. Кәсіпорындағы жағдай және жөндеу, қалыпқа келтіру жұмыстарының барысы ел басшылығының бақылауында, – деді аймақ басшысы Ерлан Қошанов. Облыс әкімі компания басшылығына жұмыскерлерге жағдайды түсіндіріп беруді тапсырды.

Еске сала кетейік, 10 қарашада сағат 19.53-те конвертор цеxы мен әктасты күйдіру цеxінің арасындағы құбырдың бір бөлігі қираған. Нәтижесінде әктасты күйдіру цеxінің жанында орналасқан газ құбыры отқа оранған. Конверторлық цеx ғимаратының құрылысы қирап, көпірлік кран құлаған. Бүгінде апаттың мән-жайы анықтау және тергеу жұмысы бойынша, Индустриалдық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының жетекшілігімен ҚР инвестициялар және даму министрлігінің комиссиясы айналысуда.

 Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button