Карантиндік шектеулер кезінде қарағандылықтар үйлену той және сауық кешін өткізді
Қарағандыдағы «Фараби» мейрамханасында мобильді топ 100 адамға арналған той банкеті өтіп жатқанын анықтады. Қалада ойын-сауық орындарын, қоғамдық тамақтану нысандарын, дүкендерді және т.б. тексеру жалғасуда.
Рейд барысында 10-шы қазанда Қазыбек би атындағы ауданның мобильді тобы Қарағанды облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қаулысының талаптарын бұзғанын анықтаған. Қарағанды қаласы, Мұқанов көшесі, 28/2 мекен-жайы бойынша орналасқан «Фараби» мейрамханасында 100 адамға арналған жаппай үйлену тойы өткізілгені мәлім болды.
Мейрамхана иесіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалады. Оған ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-тармағы бойынша жаза қолданылады.
Естеріңізге сала кетейік, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабы бойынша (халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу):
– Жеке тұлғаларға – 30 АЕК мөлшерінде (83 340 теңге);
– лауазымды тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 230 АЕК (638 940 теңге);
– орта кәсіпкерлік субъектілері үшін – 310 АЕК (861 180 теңге);
– ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 1 600 айлық есептік көрсеткіш (7 500 600 теңге) көлемінде айыппұл қарастырылған.
Сондай-ақ, карантин режиміне қарамастан, Гоголь көшесі, 86-шы үйде орналасқан Бруклин рестобарында 11-ші қазан күні кешке 200-ге жуық жастар би кешіне жиналған.
Ойын-сауық мекемесінің карантиндік шараларды бұзғаны туралы материалдар Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы ауданының ТКҚСҚБ-ға берілетін болады.
Қазыбек би атындағы ауданда алты мобильді топ жұмыс істейді.