Ресми

Экология мәселелері талқыланады

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қызметкерлері Қарағанды облысының экологиялық проблемаларының жол картасын онлайн-конференцияда талқылады.

Конференция жұмысына жобалық кеңсе мамандарымен қатар, облыстың табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшылығы, аймақ экологтары және ірі табиғат пайдаланушылардың өкілдері қатысты.

Онлайн кездесуде «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Дмитрий Калмыков биылғы жылдың 8 айындағы жұмыс қорытындысын баяндап, өтініштердің сапалы қаралу мысалдарын келтірді. Сондай-ақ, Дмитрий Калмыков облыстың кез келген тұрғыны қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесіне жүгіне алатынын атап өтті. Кеңсе Қарағанды қаласындағы Бұқар жырау даңғылы, №47 үйде орналасқан.

«Адалдық алаңы» жобасының мақсаты – мемлекеттік органдардың ашықтығын, жариялылығын, халық алдындағы есептілігін арттыру және қоғамда парасаттылық мәдениетін қалыптастыру болып табылады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Back to top button