Жаңалықтар

Мерзімінен бұрын тапсырылады

Қарағанды – Балқаш күрежолы мерзімінен бұрын пайдалануға беріледі. Бұл туралы «QazAvtoJol» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Ұлан ӘЛІПОВ мәлімдеді.

Жоспар бойынша жолды 2023 жылдың мамыр айында тапсыру көзделген еді. Бірақ, жұмысты жеделдеткен компания келесі жылдың соңына дейін аяқтамақ.

– Қарағанды – Балқаш күрежолының қашықтығы – 363 шақырым. Қазір толыққанды жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Келесі жылдың соңына дейін жол құрылысын аяқтаймыз. Алайда, ұсақ-түйек жұмыстар қалуы мүмкін, – деді Ұлан Әліпов.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ұлан Әліпов «Нұрлы жол-2» бағдарламасы бойынша қызу жұмыс жүргізіліп жатқанын мәлімдеген еді.

– Биыл ел бойынша жөндеу жұмыстарымен 4 мың шақырым жол қамтылды. Жалпы, «Нұрлы жол-1» және «Нұрлы жол-2» бағдарламасы бойынша жоспарды орындап келеміз. Яғни, 2015-2020 жыл аралығында «Нұрлы жол-1» бағдарламасы бойынша жұмысты аяқтап, 13 мың шақырым жолды қайта жөндеуден өткіздік. 8 мың шақырым жолды І және ІІ санатты жолдардың қатарына енгіздік. Биылдан бастап «Нұрлы жол-2» бағдарламасы басталды, – деді Ұлан Әліпов.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button