Жаңалықтар

Мамандандырылған ХҚКО-ға кезекті брондау оңтайландырылды

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталықтарына кезекті брондау процесін оңтайландырды. Автокөлікті қайта тіркеу үшін арнайы ХҚКО-ға кезекті брондау кезінде сатушының, көлік иесінің ЖСН (егер автокөлік сенімхат бойынша сатылса) және сатып алушының ЖСН көрсету қажет, барлық үш ЖСН-а бір қызметті алу үшін жүйеде тіркеледі.

Белгіленген уақытта мамандандырылған ХҚКО-ға келген кезде талон кезекке қойған басқа адамдардың деректеріне өзгерістер енгізу мүмкіндігінсіз ЖСН-нің біреуіне ғана беріледі. Яғни, мамандандырылған ХҚКО-ға кезекке автокөлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі көрсетілген жағдайда ғана тапсырыс беруге болады.

Осылайша, ХҚКО қызметкері сенім білдірілген тұлға туралы мәліметтерді мамандандырылған ХҚКО-ға келген кезде кезекке қойған тұлғалар туралы деректерге өзгерістер енгізу қажеттілігінсіз алдын ала алады.

ХҚКО-да (мамандандырылған ХҚКО емес) кезекті брондау бұрынғы форматта қалады.

Telegram (EgovKzBot2.0), «ВКонтакте» (Портал eGov.kz) және Facebook (портал Egov.kz) чат-боттары арқылы кезекті брондау үшін, басты мәзірде «ХҚКО-да кезекті брондау» батырмасын таңдау қажет, одан кейін нұсқалардың бірін таңдау керек: кезекке тапсырыс беру немесе қайта брондау.

Сәтті брондау кезінде мессенджерге немесе чат-ботқа хабарлама түседі, егер мобильді азаматтар базасында тіркелген болса, пайдаланушыға СМС-хабарлама келеді. Кезекті алдын ала брондауға тәулігіне бір рет рұқсат етіледі. Егер белсенді бронь болса, жаңадан брондау мүмкін емес, оны қайта брондау керек.

«Ұлттық ақпараттар технологиясы» АҚ.

Басқа материалдар

Back to top button