Жаңалықтар

«Спасск» оқу орталығында жас офицерлер жиыны өтуде

Қарағанды облысындағы «Спасск» оқу орталығының базасында жас офицерлердің жиыны өтуде. Сабаққа әскери оқу орындарының түлектері, сонымен бірге запастан шақырылғандар келді. Олардың барлығы «Астана» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерінде қызметтен өтеді.

Жиынның мақсаты – лейтенанттардың білім, дағды және ептілік деңгейлерін тексеру. Олар дене шынықтыру және атыс дайындықтары бойынша, сонымен бірге теория бойынша – лауазымдық және арнайы міндеттер, жалпы әскери жарғы біліміне сынақтар тапсырады.

– Жас офицерлер оқу уақытында практикада қолдана алатын білімдерінің үлкен қорын жинады. Олардың әрқайсысы таңдалған мамандықтың бар маңыздылығын түсінуі тиіс. Алдағы уақытта олардың алдында жеке құрамды басқару және кәсіби деңгейді арттыру бойынша жауапты жұмыспен айналысу міндеті тұр. Сондықтан мұндай жиындар әлі де көп нәрсені үйрене алатын жас лейтенанттар үшін өте маңызды, – деп атап өтті, жиын басшысы, майор Мурат Абылхадыров.

Жиындар он күнге созылады. Олардың қорытындылары бойынша әрбір қатысушы баға және мінездемелер алады.

Басқа материалдар

Back to top button