Дауылды желдің салдарынан қарағандылықтар жарықсыз қалды

Дауылды жел қарағандылықтарды жарықсыз қалдырды. Төтенше жағдайлар қызметі күшейтілген режимде оқиға салдарын жоюға кірісті.

Электр қуаты Оңтүстік-Шығыста, ішінара Майқұдық, Пришахтинск және Сұрыптауда қосылған.

Жоғары вольтты желілердің үзілуі себепті қала, Михайловка, Федоровка және Пришахтинск жеке секторларында электр қуатын таңға жақын қосуды жоспарлап отыр. Бригадалар жұмысқа кірісті.

Жарықсыз қалған ауруханалар апаттық қуат көздеріне көшті.