Жаңалықтар

Жыл басынан бері 100 мыңнан астам қазақстандық зейнетақы аударымдары туралы онлайн анықтама алды

Осы жылдың бес айында 100 мыңнан астам қазақстандық “электрондық үкімет” порталы арқылы зейнетақы аударымдары туралы анықтамалар алды. Бұл туралы Facebook-тегі өзінің парақшасында “Ұлттық ақпараттық технологиялар” АҚ хабарлады.

Бұл қызметті пайдалану үшін eGov.kz порталында тіркелу қажет және ЭЦҚ болуы тиіс. Порталда бір рет қолданылатын пароль немесе ЭЦҚ көмегімен авторландырылғаннан кейін “Әлеуметтік қамсыздандыру” қойындысында “зейнетақы аударымдары туралы анықтама алу” сервисін таңдау және “Қызметке онлайн тапсырыс беру” батырмасын басу қажет.

Содан кейін өтінімді толтыру және авторландыру жүргізілген тәсілмен оған қол қою кереу. 10 минут ішінде сіздің жеке кабинетіңізге зейнетақы аударымдары туралы анықтама түседі. Естеріңізге сала кетейік, eGov.kz порталында зейнетақымен қамтамасыз етуге қатысты сегіз қызмет бар. Ақпарат пен анықтамаларды онлайн алуға болады. Ол үшін https://egov.kz/cms/kk/categories/pension сілтемесі арқылы өтіп, қажетті қызметті таңдау керек.

 

Басқа материалдар

Back to top button