12 жастағы гимнаст спортшы халықаралық турнирде топ жарды
Испанияның Памплона қаласында батуттық гимнастикадан әлем біріншілігі өтті. Ұлттық құрама сапында Қарағанды гимнастика мектебінің тәрбиеленушісі Александра Лямкина да өнер көрсетіп, қола жүлдені қанжығасына байлады.

12 жастағы Александра гимнастикамен алты жасынан бері шұғылданады екен. Бұған дейін түрлі деңгейдегі турнирде бірнеше мәрте топ жарыпты. Айта кетейік, жас спортшыны Рузана мен Кирилл Кокоревтер жаттықтырады. Осы бәсекеге де жаттықтырушылары тыңғылықты дайындаған. Нәтижесінде, павлодарлық Софья Долгополовамен жұптасып, синхронды секіру бағдарламасында қола медальға қол жеткізді.
Сонымен қатар, дәл осы біріншілікте акробатикалық кілемде секіру сайысында жерлесіміз Мирон Мацымоха да 11-12 жас санатында бақ сынап, ақтық бәсекеге жолдама еншілеген еді. Алайда, бұл кезеңде қарсыластарынан ұпай айырмашылығымен қалып, VI орынға табан тіреді.
Ербол ЕРБОЛАТ,
«Ortalyq Qazaqstan»



