Жаңалықтар

12 сәуір – Қазақ ғалымдары күні

Қазақ күнтізбесінің айшықты датасы 12 сәуір – Қазақ ғалымдары күні!


12 сәуір күні қазақтың біртуар перзенті, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбайдың туған күні. 2019 жылы Қарағандыда қолға алынған «Қазақ халқының мұрасы – Мәңгілік ел» кітаптар сериясының ұлт құндылықтарын сақтау мен насихаттауға бағытталған Қазақ күнтізбесінде бұл күн «Қазақ ғалымдары күні» болып белгіленгенді. Осыған орай кітаптар сериясының мұрындық болуымен ұлт құндылықтарын сақтау мен насихаттауға бағытталып ашылған «Qazaq club» мүшелері Қарағанды политехникалық колледжіне ат басын бұрып жастармен кездесіп қайтты. Мақсат ұлт қамын жеген қазақтың қайраткер дәрежесіне көтеріліп, қазақ тарихында есімі алтын әріппен жазылған Қаныш Сәтбайдың мұрасы мен ұлт алдындағы еңбегін насихаттау және ұлт құндылықтарының ұлт болашағын айқындаудағы ролі жайлы жастарға айту. Сонымен қатар кездесу барысында ұлт қайраткерлерінің ұлтты сақтау жолындағы еңбектері, жас ұрпақты тәрбиелеудегі сырттан ұсынылатын жасанды мәдениет үлгілерінің жастарға әкелер теріс әсері, жастардың қоғам алдындағы міндеттері, ұлт құндылықтарын насихаттауға бағытталған жобалар мен соңғы жылдары қаламызда атқарылып жатқан ұлт құндылықтарын насихаттау мен сақтауға бағытталған қолға алынған тың жобалалар «Қазақ күнтізбесі», «Тәуелсіздік таспасы» және «Жауынгерлік Даңқ лентасы», «Qazaq club» сияқты жобалалар туралы сөз етілді. Сондай-ақ тәрбиелік мәні зор бұл күнге орай келесі жылы жастар арасында ғылыми жобалалар бойынша байқау ұйымдастыру жайы сөз болды.

Басқа материалдар

Back to top button