Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Өнегелі ұрпақ» апталығы шеңберінде Приозерск қаласының жастары зейнеткерлерге, ардагерлерге және тыл еңбеккерлеріне тазалық жұмыстарын жүргізуге көмектесті.
– Жастардың мұндай бастаманы қолдап, ерікті түрде көмектесіп жүргендеріне ризашылығын білдіріп, қала тұрғындарын «Таза Қазақстан» республикалық акциясына белсене қатысып, қаланың көркеюіне үлес қосуға шақырамын, – деді қала әкімі Мансұр Ахметов.
Акция аяқталғаннан кейін де жәрдемдесу жалғасатын болады, әрі осы шараны іске асыруға бірнеше еріктілер бекітілген.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz