Арулар алғысқа бөленді
Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрлан Бикеновтің қатысуымен салтанатты іс-шара өтті. Достық үйінде өткен мерекелік жиынға ҚХА-ның әйелдер қауымы шақыртылды.
Нұрлан Рахметуллаұлы өз кезегінде нәзік жандыларды мерекесімен құттықтап, арнайы сый-сияпат көрсетті.
– Барша нәзікжандылар қауымын көктемнің алғашқы мейрамымен шын жүректен құттықтаймын. Сіздердің еңбектеріңізді біз жақсы білеміз, әрі құрметтейміз. Жалпы, осы Достық үйінде түрлі ұлт өкілдері бір шаңырақ астында жұмыс істеп жатыр. Осының өзі үлкен ауызбіршілікті білдірсе керек. Мерекелеріңіз құтты болсын. Әрқашан ауызбіршіліктеріңіз ажырамай, тату-тәтті ғұмыр кешіңіздер, – деді Нұрлан Рахметуллаұлы.
Мақаланың толық нұсқасын газеттің келесі санынан оқи аласыздар.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz