Бас тақырыпЖаңалықтар
11 жастағы жасөспірім көлік ұрлап, жол апатына түсті
Абай аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері көлік ұрлады деген күдікпен 11 жастағы жасөспірімді ұстады. Оқиға Абай қаласында болған. Қарағанды облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, бала 32 жастағы жергілікті тұрғынға тиесілі көлікті ұрлап кетіп, жол апатына түскен.
Сонымен қатар, оқиғадан кейін кәмелетке толмаған бала жол апаты болған жерден кетіп қалған. Алайда полицейлер көлікті ұрлаған адамды тез арада анықтап, тергеуге полиция бөліміне жеткізді. Ұрлық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұлының теріс қылығы үшін кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлар ата-анасын әкімшілік жауапкершілікке тартып, сот 73 840 теңге көлемінде айыппұл салды.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.