Спорт

11 жастағы чемпионның жарқын жеңісі

Қарағандылық Евангелина Молодушкина ашихара-каратэден Түркияда өткен Азия чемпионатынан олжамен оралды. Өз санаты бойынша сынға түскен 11 жастағы спортшы ақтық бәсекеде қарсыласын нокдаунмен жеңген.

Аталмыш чемпионатқа 16 елдің спортшылары қатысқан. Ал, Қазақстан құрамасы сапынан 21 спортшы бақ сынады. Евангелина Молодушкинаның жаттықтырушысы – Арман Райымбеков. Жарыс – толық байланыс, кумите және ката атты үш бөлімде өтті.

– Турнирде қазақстандықтар 11 алтын медаль жеңіп алып, жалпы командалық үшінші орынға ие болды. Евангелина төрт жекпе-жек өткізіп, финалда кувейттікті жеңді. Бұл 2-3 секундқа созылған ең қысқа жекпе-жектің бірі болды. Бір ғана мае-гери соққысын жасап, техникалық нокаутқа түсірді, – дейді облыстың ашихара-каратэден бас бапкері Арман Райымбеков.

Евангелина Молодушкина Шәкәрім атындағы гимназияның 5-сынып оқушысы. Ашихара-каратэмен 5,5 жылдан бері айналысады. Осы кезге дейін Азияның үш дүркін чемпионы, Әлем чемпионы және Қазақстанның төрт дүркін чемпионы атанған.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button