Бас тақырыпРесми

11 ақпан – Ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күні

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі ғалым әйелдер, зерттеушілер, жас ғалымдар және ғылым жолын таңдаған жастарды Ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күнімен құттықтады. Бұл күн әйелдердің ғылым, инновация және қоғам дамуына қосқан үлесін атап өтуге бағытталған.

Иллюстрация министрліктен

Министрліктің мәліметінше, Қазақстанда ғылым саласында әйелдердің үлесі жоғары. Атап айтсақ, елімізде  ғылыми дәрежесі бар 120 896 адамның 62 433-і (51,6%) – әйелдер. Жоғары білім жүйесінде профессор-оқытушылар құрамының 65,7%-ын әйелдер құрайды.

Сондай-ақ елімізде ғылыми зерттеумен айналысатын 12 893 әйел бар, бұл барлық ғылыми қызметкерлердің шамамен 56%-ы. Әйел зерттеушілер жаратылыстану, инженерлік, технологиялық және гуманитарлық бағыттарда белсенді еңбек етуде.

Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button