Бас тақырыпБасты тақырып
11-12 қазанда елордада Қарағанды облысы ауыл шаруашылығы өндірушілерінің жәрмеңкесі өтеді
Қарағандының аграрийлері Астанаға 560 тонна өнім әкеледі. Олар бас қалаға шамамен 130 тонна ет, 18 тонна сүт өнімдері мен 390 тонна көкөніс жеткізеді. Қарағандылық құс фабрикалары жәрмеңкеге 160 мың дана жұмыртқа жібереді.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, елордада өтетін жәрмеңкеге аймақтың 90-нан астам шаруа қожалықтары, сондай-ақ қайта өңдеу кәсіпорындары қатысады.
Барлық өнім нарықтағыдан төмен бағамен сатылады.
Биыл аймақтық жәрмеңкелер Астанадағы «Қазанат» ипподромының автотұрақ аумағында, Қарқаралы тас жолы, 1 мекенжайы бойынша өткізіледі.
Аяулым СОВЕТ