Ресми
Президент хостелдегі өрттен қаза тапқандардың жақындары мен туыстарына көңіл айтты
Мемлекет басшысы Алматы қаласындағы хостелдердің бірінде қаза тапқан Қазақстанның және шетел азаматтарының жақындары мен туған-туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды ortalyq.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қайғылы жағдайға кінәлілер заң бойынша жауапқа тартылады. Үкімет пен әкімдікке зардап шеккендердің отбасыларына көмек көрсету тапсырылды.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА