Ресми

Egov-тағы электронды құжатыңызда қате кетсе, өзіңіз түзете аласыз

Мәліметтерді түзетудің сегіз сервисі eGov.kz электронды үкімет порталында және eGov Mobile мобильді қосымшасында қолжетімді. Сервистер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесіндегі қате деректерді өзектендіруге және болашақта мемлекеттік қызметтерді кедергісіз алуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды  ortalyq.kz Kazinform сайтына сілтеме жасап.

Сурет: egov.kz

Отбасы (неке, туу, некені бұзу, бала асырап алу, әке болуды анықтау, аты-жөнін өзгерту, қайтыс болу), вакцинация паспортындағы аймақ, көлік құралдарының қате мәліметтері туралы, міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүліктің кепілі және әскери қызмет туралы мәліметтерді өзектендіріп және дұрыс емес деректер анықталған жағдайда өз мәліметін түзетуге болады.

Заңды тұлғаның және жылжымайтын мүлік объектілерінің атауы мен орналасқан жері туралы мәліметтер де өзектендіруге жатады.

Сондай-ақ, білім туралы мәліметтерді түзетуге, атап айтқанда, ЖОО дипломдары мен ТжКБ, аттестат деректерін өзектендіруге мүмкіндік бар.

— Өздеріңіз білетіндей, азаматтың пәтері немесе автокөлігі туралы деректер мемлекеттік органдардың түрлі деректер базасында орналасқан. Оның ішінде бұл мәліметтер пайдаланушының eGov.kz және eGov Mobile жеке кабинетінде көрсетіледі. Кей жағдайда мәліметтер дұрыс болмауы мүмкін. Ал ол мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігіне әсер етеді. Енді азаматтардың өмірін жеңілдету үшін біз мемлекеттік органдармен бірлесіп мәліметтерді түзетудің 8 сервисін жасадық. Мысалы, егер сізде отбасы немесе білім туралы құжаттарда дұрыс емес ақпарат болса, құжаттың түпнұсқасының фотосуретін немесе т. б. қажетті мәліметтерді қосып өтініш бере аласыз. Өтінім өңделеді және мәліметтерді тиісті мемлекеттік орган түзетеді», — дейді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин. 

eGov.kz порталындағы қатені мына сілтемелер арқылы түзете аласыз:

Мәліметтерді түзету үшін міндетті өрістерді толтырып, мәселені сипаттап, қажет болған жағдайда құжаттың көшірмесін тіркеп қызметке қол қою қажет.

Сондай-ақ, «Түзету қызметтері» eGov Mobile мобильді қосымшасындағы басты бетте де тұр. 

Қызмет көрсету нәтижесі мәліметтерді өзектендіру туралы хабарлама немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап нысанында жеке кабинетке жіберіледі. 

Материалды әзірлеген А.РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button