"Білгенге маржан"

Емелдес

Газеттің 26 қыркүйек күнгі №105 (22 846) санындағы сауалға жауап келді. Дұрыс жауапты бірінші жолдаған – Ақтоғай ауданының тұрғыны Еркебұлан МҮБӘРӘК.

Тағай

«Тағай туралы ауылдың үлкендерінен естігем. Түбірі – таға деген сөзге барып тіреледі. Сонда таға – нағашының баласы болса, тағай деп – нағашының немересін айтады екен. Демек, тағадан туған баланы – тағай дейді. Қазақ сөз құдіретін қадірлейтін ел ғой. Тілі де бай. Сондықтан, осындай туыс атауларын біліп жүру артық емес» делінген хатта.

Келесі сауалға назар аударыңыз!

Мұхтар Мағауин шығармаларында кездесетін «Емелдес» сөзі қандай мағына береді?

Сауал сырына үңілген Жәлел ШАЛҚАР.

Басқа материалдар

Back to top button