Коронавирус

Дәрі қоры жеткілікті

Облыста коронавирустық инфекцияның ықтимал екінші толқынына дайындық жүргізілуде. Дайындық шаралары аясында аймақ халқын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесіне баса назар аударылуда.

Медициналық ұйымдарда стационарлық және амбулаториялық деңгейде дәрілік заттар қорын құрудан бөлек, оларды бөлшек сауда арқылы тарату бағытында да жұмыстар жүргізілуде.

Фармацевтикалық нарықтағы жағдай мониторингісінің деректері бойынша, қазіргі уақытта Қарағанды облысының дәріхана қоймалары мен дәріханаларының базасында коронавирустық инфекцияны емдеу үшін қолданылатын сұранысқа ие дәрілік препараттардың, яғни, 330 мыңнан астам дәрілік заттардың, 130 мыңнан астам вирусқа қарсы препараттар қаптамасының, 300 мыңнан астам бактерияға қарсы дәрілік заттардың қаптамалары мен 260 мыңға жуық антикоагулянттар-антиагреганттар қаптамасының қоры бар.

Қажетті қорды құру бойынша жұмыс тоқтамайды. Дәрілік заттарды жеткізу тұрақты түрде жүзеге асырылады. Облыс әкімдігі «Сары-Арқа» ӘКК-мен бірлесіп дәрілік заттардың тұрақтандыру қорын ұйымдастырды. Қазіргі уақытта фармацевтикалық нарықта тапшылық туындаған жағдайда 150 млн. теңге сомасына Парацетамол, Ингавирин, Ацетилсалицил қышқылы, «Осельтамивир» дәрілері сатып алынды. Бұдан басқа, СК-Фармация ЖШС Бірыңғай дистрибьюторы бөлшек саудада өткізу үшін қажетті дәрілік заттарды сатып алып жатыр.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button