Жаңалықтар

Отан қорғау – ұлы парыз

Ақмола және Батыс Қазақстан облыстарынан әскер қатарына шақырылған сарбаздар ант қабылдады. Қарағанды гарнизонының әскери бөлімінде өткен рәсімге 75 жауынгер қатысты.

Салтанатты шарада бөлім командирі, подполковник Дәулет Мұстафин сөз сөйледі. Командирдің айтуынша, әскер қатарында борышын өтеген әр азаматтың бойында патриоттық сезімі қалыптасатыны сөзсіз.

– Ант мәтінінде әр жауынгер өзіне салмақты міндеттемелер алады. Оларды орындау – сарбаздың Отан алдындағы ұлы парызы. Сіздерді туғандарыңыз күтіп отыр. Үйлеріңізге нағыз ер-азамат ретінде оралуларыңызға тілектеспін,– деді подполковник Дәулет Мұстафин.

Карантинге байланысты сарбаздардың ата-аналары рәсімге қатыса алмады. Бірақ, бөлім басшылығымен әскери рәсімнен фото және бейнетүсірілімдер ұйымдастырылды. Бұл материалдар сарбаздардың туғандарына жіберіледі.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button