Үкімет пандемиямен күресте жедел шешімдер қабылдаудың құқықтық алгоритмін дайындайды. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ айтты.
«Үкіметтен 5 күннің ішінде пандемиямен және оның салдарымен күрес бөлігінде жедел шешімдер қабылдаудың құқықтық алгоритмін дайындауды сұраймын. Мұндай сипаттағы шешімдер бір, ары кеткенде екі тәулік мерзімнің ішінде қабылданып, жүзеге асырылуы тиіс», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.