ПрезидентРесми

Мемлекет басшысы өзінің екінші Жолдауында қамтылатынын мәселелерге тоқталды

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында өзінің екінші Жолдауында экономикалық серпінге бастайтын жаңа шараларды ұсынатынын мәлімдеді.

«Бүгін біз пандемия кезінде экономикамызды даму жолына шығаратын маңызды әрі осы кезең үшін шұғыл мәселелерді қарастырдық. Дегенмен, өзімнің екінші Жолдауымда экономикалық серпінге бастайтын жаңа шараларды ұсынатын боламын», – деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, Президент қазіргі дағдарыстың шикізаттық сипатта экономикамызға қауіпті екенін және оның барлық атрибуттары көрсетілген жаңа бағыт керектігін атап өтті.

Басқа материалдар

Back to top button