Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына үміткерлердің назарына!

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 28-бабының 3-тармағына және «Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды 2020 жылғы 12 тамызға тағайындау туралы» Президенттің 11.06.2020 жылғы №351 Жарлығына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдары шарт негізінде тіркелген үміткерлерге және партиялық тізімдерін ұсынған саяси партияларға баспа алаңын береді.

Облыстық «Ortalyq Qazaqstan» газетінің редакциясы басылымдағы 1 шаршы см. баспа алаңының құны ҚҚС-пен қоса есептегенде 230 теңгені құрайтынын хабарлайды.

Газет алаңын беру баспа үгіт материалдарын орналастыру үшін депутаттыққа үміткерге баспа алаңын беру туралы газетпен жасалған жазбаша шарт негізінде жүзеге асырылады. Облыстық сайлау комиссиясы шығарған ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына үміткерді тіркеу туралы шешім үміткермен не оның сенім білдірген адамымен шарт жасасу үшін негіз болып табылады.

ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына үміткерлердің сайлау алдындағы үгітін қамтитын материалдарда қаржыландыру көзі туралы ақпарат көрсетілуі тиіс.