ПрезидентРесми

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ: «Әкімдер мен министрлердің бәрі де жазаға лайық»

Ел Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ Үкіметтің кеңейтілген отырысында бюджетке, экономика мен азаматтардың қауіпсіздігіне шынайы зиян тигізетін заңбұзушылықтарға баса назар аудару керектігін еске салды.

«Қазіргі жағдай құқық қорғау органдары тарапынан нақты шешімдер мен әрекетті талап етеді. Осынау күрделі кезеңде бюджетке, экономика мен азаматтардың қауіпсіздігіне шынайы зиян тигізетін заңбұзушылықтарға баса назар аудару керек», – деді мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, Президент кейбір әкім ескерту мен қатаң ескерту алғанын еске салды. «Жалпы бүкіл әкімдер мен министрлер осындай жазаға лайық. Алайда, қазір біз әлеуметтік-экономикалық дамудың сыни кезеңінде тұрмыз. Үкімет пен әкімдерге дағдарыстан шығу үшін ойлы да батыл әрекет керек. Себебі, дағдарыс ушығатын секілді. Бұл – әлемдік экономиканың болжамы. Ал Қазақстан оның бір бөлігі», – деді ол.

Басқа материалдар

Back to top button