Жаңалықтар

Қарағанды облысында жаңа мереке – Абай күні тойлануда

Қарағанды облысында ұлы ойшыл Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы барлық жерде тойлануда. Оның туған күні 10 тамыз Қазақстанда ресми мереке күні болды. Жаңа мереке құрметіне мұражайлар мен кітапханаларда, оқу орындарында көптеген онлайн-шаралар өтуде.

Қарағандыда Абай ескерткішіне гүлдер қойылды. Салтанатқа облыс әкімі Жеңіс Қасымбек, жазушылар, ғалымдар мен қоғам қайраткерлері қатысты.

– Абай күні алғаш рет мереке күндерінің күнтізбесіне кірді. Бұл ұлы қазақ ойшылының мұрасын сақтауға және насихаттауға ықпал етеді. Бұл – баға жетпейтін қазына. Абай шығармашылығы қазақ халқының көп ғасырлық даналығын көрсетеді және қазақстандықтардың түрлі ұрпақтарын біріктіріп, заманауи қоғамда өзекті болып қалады, – деді ақын, Жазушылар одағының мүшесі Серік Ақсұңқарұлы.

Қазақстан Халықтар Ассамблеясы мүшелерінің атынан «Вайнах» облыстық шешен-ингуш ұлттық-мәдени орталығының төрағасы Увайс Джанаев отандастарымызды жаңа мерекемен құттықтады. 

– Қазақстанда ұлы Абайдың мерейтойын мұндай деңгейде тойлау халықтың өз тарихына, рухани мәдениетіне ұқыпты қарауының айқын мысалы болып табылады, – деп атап өтті. – Абай өзінің рухы бойынша реформашы болды. Бұл бүгінде  қазақ халқының рухани өркендеуімен  үндеседі. Абайдың ұлы мұрасы – бұл ұрпақтары баға жетпейтін мәдени байлықты жинаған жандандыратын бастау.

Облыста Абайдың 175 жылдығын тойлау жыл бойы өтеді. Мерейтойға  мәтінді мәнерлеп оқушылар байқауы, әдеби кештер мен көрмелер арналды. С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық театры жазушы, абайтанушы Төкен Ибрагимовтың « Жас Абай» пьесасы бойынша спектакль қойылды, оның премьерасы наурыз басында өткен болаты. Әлеуметтік желілердегі «Білімділден шыққан сөз» челленджін қарағанды жастары белсенді қолдады.

Ұлы Абай мұрасын насихаттауға арналған іс-шаралар жалғасуда. Қыркүйекте  онлайн режимде халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді. Қашықтықтан өтетін форум  форматында филологтар форумы, студенттер арасында облыстық дебат турнирі және т.б. жоспарланған. Абай ауданында «Абай жаққан бір сәуле» ақындар мен жазушылар туындыларының жинағы шығарылады.

Қарағанды облысында алты Абай ескерткіші, екі мүсін орнатылған. Оның атына 77 көше мен 12 мекеме берілген.

Басқа материалдар

Back to top button