Жаңалықтар
10 желтоқсанда өңірде электросиреналар қосылады
Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті өңір тұрғындары мен қонақтарын аумақтық деңгейдегі дабыл беру жүйелерінің жоспарлы тексерісі туралы хабарлайды.

2025 жылғы 10 желтоқсанда, сағат 10:55-те, «Баршаңыздың назарларыңызға!» дабыл сигналы бойынша облыс аумағындағы барлық қолда бар дыбыстық электросиреналар іске қосылады.
Бұл – төтенше жағдайлар кезінде дабыл беру жүйелерінің дайындық деңгейін анықтауға бағытталған жоспарлы іс-шара.
ТЖД тұрғындарды сабыр сақтап, үрейге бой алдырмауға және тексерілмеген ақпарат таратпауға шақырады.
Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласу қажет.
Жамал АКПАРОВА



