Жаңалықтар
10 жастағы бала жетінші қабаттың терезесінен құлап мерт болды
Қайғылы оқиға кеше Гапеев көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде орын алған. 10 жастағы бала көпқабатты үйдің жетінші қабатындағы терезеден құлап, алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болған.

– Оқиғаның егжей-тегжейлері жария етілмейді. Факт тіркелді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде, – деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ



