Бас тақырыпБасты тақырып

10 қазандағы республикалық қаржылық сауаттылық диктанты онлайн өтеді

10–20 қазан аралығында Қаржылық мониторинг агенттігі «Заң мен Тәртіп» және «Адал Азамат» тұжырымдамалары аясында, Halyk Bank пен «Аманат» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасының қолдауымен қаржылық қауіпсіздік бойынша республикалық диктант өткізеді.

Басты мақсат – халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру, алаяқтықтан қорғану мәдениетін қалыптастыру және азаматтарды қаржы саласында саналы шешім қабылдауға үйрету.

Диктант онлайн форматта өтеді. Тест сұрақтары түрлі деңгей бойынша дайындалған, сондықтан әр қатысушы – оқушыдан бастап зейнеткерге дейін өз білімін тексеріп, пайдалы ақпарат ала алады. Қатысуға жасы мен біліміне қарамастан кез келген азамат мүмкіндік алады. Тестті смартфон, планшет немесе компьютер арқылы тапсыруға болады.

Диктантты аяқтаған әр қатысушыға атаулы сертификат беріледі. Ең жоғары нәтижеге қысқа уақытта қол жеткізгендер Halyk Bank-тің арнайы сыйлықтарына ие болады.

Жамал АКПАРОВА

Басқа материалдар

Back to top button