Ресми

10 айдағы өңірдің өнеркәсіп көлемі 2,8 трлн. теңге

Өңірде 1.5 трлн теңгеге 56 инвестициялық жоба іске асырылуда. Сонымен қатар, 13 мыңнан астам жұмыс орны құрылады. Осы жылдың 10 айында облыс өнеркәсібінің көлемі 2,8 трлн теңгені құрады. Үшінші жыл қатарынар өңірді дамытуға жеке инвесторлардың инвестициялары ұлғаюда. Аталған кезеңде облысқа шамамен 641 млрд теңге инвестиция тартылды. Ал, оның 86 %-ы – жеке инвестициялар.

Суреттер: Облыс әкімдігінің сайтынан

– Биыл бес жоба іске қосылды. 380-ден астам адам жұмысқа орналастырылды. Жыл соңына дейін тағы алты жаңа өндіріс ашылады, олардың ішінде тұрмыстық техника мен автомобиль шиналарын шығаратын зауыттар бар. 1900-ден астам қарағандылық жұмыспен қамтамасыз етіледі, – деді Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте аймақ басшысы Ермағанбет Бөлекпаев.

Өңірде Saran индустриялық аймағының дамуы жалғасуда. Мұнда инфрақұрылым бойынша жұмыстар аяқталуға жақын. «Сары-Арқа» және Saran өнеркәсіптік аймақтарының аумақтарында болашақ инвесторлар үшін 400 гектарға жуық бос алаң дайын.

Сонымен қатар, аймақ басшысы ең жоғары өсім байқалатын салаларды атап өтті. Бұл машина жасау, жеңіл және қағаз өнеркәсібі, фармацевтика, қара металлургия.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button