Бас тақырыпРесми

10 қаңтардан бастап ақшаны «Қазпошта» бөлімшелерінен алуға болады

10 қаңтардан бастап ақшаны «Қазпошта» бөлімшелерінен алуға болады. Бұл туралы «Қазпошта» акционерлік қоғамынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Ертең «Қазпоштаның» елдегі барлық бөлімшелері ашылады және зейнетақы төлемдері іске асырыла бастайды.

«Қазіргі таңда банкоматтарға ақша салу жұмысы басталып кетті. Осы ретте 10 қаңтардан бастап Казпошта бөлімшелері мен банкоматтарыннан ақша шешуге болады. Сонымен бірге Қазақстан бойынша магистральді бағыттардың іске қосылуына байланысты компания 10 қаңтардан бастап пошталық қызметін қайта бастайды», – деді Қазпошта АҚ департаментінің директоры Алина Жанқұлова.

Басқа материалдар

Back to top button