10 қаңтар – Қазақ әдебиеті күні
2019 жылы Қарағандыда республикалық “Qazaq club” бастамасымен ұлт құндылықтарын сақтау және насихаттауға бағытталған Қазақ күнтізбесінде 10 қаңтар – Қазақ әдебиеті күні ретінде белгіленді.

Бұл күні 1915 жылы қазақтың дарынды жазушысы Ілияс Есенберлин дүниеге келген. Ілияс Есенберлинге дейін қазақ әдебиетінде ұлттық тарихымыздың бірнеше кезеңін қамтитын тарихи шығармалар жоқ еді. Ілекеңнің басты жетістігі – төл тарихымызды романдар арқылы жаңғыртуында.
Тарихи романдары арқылы ұлттық сана мен тәрбиені оятқан көрнекті жазушының дүниеге келген күні Қазақ әдебиеті күні ретінде аталып өтуі – керемет бастама. Ілияс Есенберлиннің шығармалары жастарымызға ұлттық рух пен тәрбие беруде маңызды рөл атқарады және ол қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы, феномені болып қала береді.

Баршаңызды бүгінгі 10 қаңтар – Қазақ әдебиеті күнімен шын жүректен құттықтаймын! Халқымыздың әдебиеті дамып, ұлттық рухы биіктей берсін!
Құрметпен,
Мұхтар ШАХАНОВ
Қазақстанның Еңбек Ері



